Нұр-Сұлтанға Түркістан облысынан қырыққабаттың алғашқы партиясы жеткізілді

14 Ақпан 2022, 20:08
1365
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға Түркістан облысынан қырыққабаттың алғашқы партиясы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлерінің Түркістан облысына жұмыс сапары нәтижесінде елордаға 40 тонна қырыққабат жеткізілді. 

Оңтүстік өңірдің алқаптарынан қырыққабат «Шапағат» базарының сөрелеріне келіп түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, бұл Түркістан облысынан әкелінген қырыққабаттың алғашқы партиясы. Қырықабатты көтерме және бөлшек саудамен алуға болады.

Бүгінде елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 30 мың тонна ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша келісімшарттар жасалды.

Оның 15 мың тоннасы картоптың, сәбіздің, пияздың, қырыққабаттың бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Берілген жеңілдікті қарыздар бойынша көкөніс бағасын шілде айына дейін тұрақтандыру жоспарланған. Қазір азық-түлік көлемін және сату кезеңін ұлғайту үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы