Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 және 14 шілдеде "Қазақстан" спорткешенінің аумағында аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, онда Жамбыл облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкелінетін өнімдердің жалпы көлемі шамамен 230 тоннаға жуық. Жәрмеңкелерде азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкеде әртүрлі өнімдер ұсынылады (қырыққабат, қияр, сәбіз, қызанақ, жемістер, балық, сары май, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен печенье, кәмпит, күріш, макарон өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері және т.б.).
Ауылшаруашылық өнімдерінен басқа, жәрменке аумағында концерттік бағдарлама ұсынылады. Онда өңірдің мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін көркемдік топтар қатысады.