Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы аралау кезінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
Қазір өзен түбін тереңдету және ұзындығы 2 км астам арнаны кеңейту жұмыстары жүргізілуде.Негізгі мақсаты-қала аумағын тасқын су басудан қорғау. Бұдан басқа, жағалау аумағы абаттандырылады: жарықтандыру тіректері, орындықтар, урналар орнатылады және брусчатка салынады. Бөгет құрылысының аяқталу мерзімі-2020 жыл, арнаны қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады, - делінген таратылған ақпаратта.