Нұр-Сұлтанда тағы бір жаңа мектеп ашылды

16 Желтоқсан 2020, 18:51
1406
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда тағы бір жаңа мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларына арналған заманауи үш қабатты мектеп ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Instagram» парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Елордада заманауи үш қабатты мектеп ашылды. Жаңа оқу орны заманауи жабдықтармен жабдықталған. Балалар биология, химия, математика, робототехника пәндерінен алған теориялық білімдерін бірден тәжірибеде қолдана алады. Мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ кабинеттері, спорт секциялары бар.

Бұрын дарынды балаларға арналған Білім-инновация мектеп-лицейінің оқушылары 50 жыл бұрын салынған ғимаратта білім алып келсе, енді жаңа мектепте оқиды.

Биыл үш ауысымда оқытатын мектептер мен шамадан тыс жүктеме артылған мектептер саны 2 есеге қысқарды. Бірақ әлі де жұмыс істеу керек. Егер өткен жылы біз 6 мектеп салып, пайдалануға берсек, биыл бұл көрсеткіш екі есе көп. Олардың бір бөлігі пайдалануға берілді. Келесі жылдарға дайындық жұмыстары басталды.

Мектеп құрылысы кезінде олардың көлемі ескеріледі. Мысалы, желтоқсан айының басында бұрын бірде-бір мектебі болмаған Мичурино елді-мекенінде мектеп ашылды. Оқушылар мектепке бейімделген ғимаратта оқыды, сабақтар 3 ауысымда өтті. Енді оқушылар үш қабатты кең ғимаратта білім алып жатыр. 

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Оқу орындарының құрылысына да инвесторларды тартамыз, - деп жазды Алтай Көлгінов.




Өзгелердің жаңалығы