Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр

15 Маусым 2022, 18:30
2060
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешенінде садақ атудан "Нұр-Сұлтан Гран-При" халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр

Қазақстан спортының тарихында алғаш рет өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі ауқымды турнирдің ресми ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмас Абаев, садақ ату федерациясының басшылығы және белгілі спортшылар қатысты.

Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр

Жарысқа Австрия, Чехия, Польша, Грузия, Бангладеш, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық кәсіби спортшы қатысып жатыр.

Айта кету керек, қатысушылар арасында олимпиада және Азия ойындарының, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері көп. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы және рекордсмені Ресейден Елена Осипова, Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері және Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Беларусь Республикасынан Анна Марусова және басқалары бар.

Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр

Турнир аясында жеке және командалық біріншілік жаттығуларында 12 медаль жиынтығы ойнатылады.

Халықаралық турнир 18 маусымға дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық турнир жалғасып жатыр
Өзгелердің жаңалығы