Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада медбике ауруханадағы сейфтен миллион теңге ұрлап, ізін жасыру үшін полицияға өзі хабарлаған, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Полиция мәліметі бойынша, жеке ауруханада жұмыс істейтін 26 жастағы медбике құқық қорғау органына белгісіз адам медицина мекемесіндегі сейфке келетін кілтті тауып, одан ақша ұрлады деген арыз жазған.
Тергеу барысында арыз берушінің өзі ақшаны ұрлап, полицияны алдауға тырысқаны белгілі болды. Екі ай бойы ол сейфтен ақша алып, оны жұмсап, кейін денсаулығына байланысты демалысқа шыққаны анықталды. Ол сейфтен бір миллион теңге алған. Жұмысына оралғаннан кейін ол шығынды жасыруды ұйғарып, полицияға сейфтің есігі ашылып, ақша ұрланғаны туралы жалған мәлімдеме жасаған, – деді департамент өкілі.Күдіктіге қатысты ҚК-нің 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.