Нұр-Сұлтанда көлік жанып кетті

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Елордада BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті.</h4>

 8 Маусым 2021 2021, 05:25
8 Маусым 2021 2021, 05:25
7151

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті.

7 маусым күні сағат 17:12-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері кезекті шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнында BMW маркалы автомашинаның қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп түсіндірді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.
Наверх