Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алынады

14 Желтоқсан 2021, 22:42
1641
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында биыл қоғамдық көлік саласында қандай шаруалар атқарылып, жыл басынан бері қанша көшеге автобус жолағы енгізілгені туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 100 электробус сатып алынды. Ал келер жылы тағы 100 сатып алу жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 5 жаңа маршрут іске қосылды. 

Қазіргі уақытта елордада 94 маршрут бар. Олардың арасында №46, 51, 10, 9, 40, 37, 24, 56 бағыттағы автобустар тұрғындар арасында сұранысқа аса ие.

Қалада жыл басынан бері жалпы жолаушылар ағыны 143 миллионнан астам сапарды құрады. Бүгінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық көліктерде жолаушылар денсаулығының қауіпсіздігі үшін бетперде режимі енгізілді. Автобус салондарында антисептиктер орнатылған.Әрбір автобус соңғы аялдамаға келгеннен кейін салоны міндетті түрде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді, сонымен қатар ауысымнан кейін толық дезинфекция өтеді, - делінген таратылған ақпаратта.

Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алынады

Бүгінгі таңда елордада Bus Lane жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын 26 көше учаскесінде іске қосылды. Биыл бөлінген Bus Lane жолақтары көшелердің 8 учаскесінде енгізілген. Бұл Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан, Абылай хан (қарбалас уақытта) даңғылдары мен көшелері және Мұхамедханов көшесі.

Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алынады

Елордада бүгінгі таңда барлығы 6 автобус паркі бар, оның 5-еуі жекеменшік, 1-еуі коммуналдық. Күн сайын желіге 869 бірлік автобус шығады. Таңғы және кешкі қарбалас уақыттарда желіге автобустардың ең көп саны шығарылады.

Бас қалада алдағы жылы тағы 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы