Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мониторинг жүргізу кезінде елордалық полицейлер сиырды мұнара кранымен көтеріп жатқан фактіні анықтады.
Еске салсақ, Instagram-дағы zhaloby_astana аккаунтында сиырды құрылыс кранымен көтеріп жатқан видео пайда болды.Не үшін былай істеп жатыр? Біреу түсіндіріп бере ала ма? Нұр-Сұлтанда сиырды құрылыс краны арқылы төбеге шығарып жатыр, - деп жазды видео авторы.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға биыл 15 ақпанда сағат 11.30-да ғимараттың соңғы қабатындағы Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болғандығы анықталды.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын анықтады. Олардың бірі кешірім сұрап та үлгерді.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады.