Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 және 15 қарашадан бастап, әр демалыс күндері «Аспан» базарында Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Өңірлердің шаруа қожалықтары Нұр-Сұлтан тұрғындарына қолайлы бағамен азық-түліктің кең ассортиментін ұсынады. Мысалы, картоп пен сәбіз бағасы – 100 тг., пияз және қырыққабат – 80 тг.
Ақмола облысының шаруа қожалықтары сиыр етін 1750 теңге бағасында ұсынады. Шығыс Қазақстан облысынан жылқы еті 1900 кг/тг және қой еті 1700 кг/ тг бағада әкелінеді.
Бакалея өнімдерін Ақмола және Қарағанды облыстары ұсынады.
Жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.