Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді

5 Шілде 2022, 20:41
2087
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай, яғни 6 шілде күні сағат 11:00-де Триатлон паркте «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Elorda Tolqyny» спорттық жарыс бағдарламасы бұқаралық спортты дамытуға, белсенді спорттық демалысты насихаттауға және көше спорты түрлерімен айналысатын жастарды біріктіруге және дамытуға бағытталған.

Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді

Бұл күні жарыс спорттың мына түрлері бойынша өтеді: асық ату, ләңгі, арқан тартыс, бес асық, стрит воркаут, шаңғы роллерлері, футбол, стритбол, веложарыс, үстел теннисі, гір спорты.

Сол сияқты академиялық есу, скандинавиялық жүріс, футбол фристайл, каратэ, спорттық гимнастика және басқа да спорт түрлерінен турнирлер, шеберлік сабақтары, концерттік іс-шаралар өтеді.

Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді

Барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Кіру тегін.

Іс-шараларға қоғам қайраткерлері, спорт өкілдері, танымал тұлғалар мен блогерлер қатысады деп жоспарланып отыр. Жоба соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Жалпы бұл іс-шара күні бойы сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Триатлон паркте өтеді.

Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді

Аталған іс-шараны «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және «Астана жастары» ЖРО бірлесіп өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы