Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram парақшасында жазылды.
«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылатынын хабарлаймыз. Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Бағдардың жүрісін 2GIS қосымшасында нақты уақыт режимінде қадағалау 1 тамыздан бастап мүмкін болады, – делінген әкімдік хабарламасында.