Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалалары Арыстағы 9-учаскеге жауапты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Түркістан&nbsp;қалалары төтенше оқиға орын алған Арыс қаласындағы 9-учаскеге жауапты.&nbsp;</h4>

 7 Шілде 2019 2019, 17:55
7 Шілде 2019 2019, 17:55
2035

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалалары төтенше оқиға орын алған Арыс қаласындағы 9-учаскеге жауапты. 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, онда 600 жекеменшік, 59 көпқабатты үй, 6 әлеуметтік және 22 коммерциялық нысан орналасқан. 

10 жеке үй мен 5 көпқабатты үй тұруға жарамсыз күйге түскен. 30 үй жөнделді, қазіргі уақытта 65 жеке және көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласынан 11 компания мен 186 жұмысшы тартылды. 

Жергілікті тұрғындарға 38 тонна азық-түлік таратылды. 245 тонна қоқыс шығарылды. Түркістан қаласынан 1 камаз, 1 жүк тиегіш, 1 автобус және 1 су тасушы көлік жұмылдырылды. 




Наверх