Нұр-Сұлтан. ХҚКО-лар жұмысынан фоторепортаж

12 Мамыр 2020, 17:15
2135
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан. ХҚКО-лар жұмысынан фоторепортаж
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың таралу қаупі сақталуына байланысты ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгерді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен бүгіннен бастап, елордада Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) қайтадан жұмыс істей бастады. Бірақ, вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгерді.

Енді Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-лары жаңа форматта жұмыс істейтін болады. Яғни, азаматтар ХҚО-дан тек электронды форматта қолжетімсіз "қағаз жүзіндегі" қызметтерді ала алады. Ал, ХҚКО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала брондау қажет.

1.JPEG

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ұсынған мәлімет бойынша, алдын ала жазылусыз ХҚКО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

2.JPEG

Дегенмен, үш санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар электрондық қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар да ХҚКО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек, - дейді  мемлекеттік корпорацияның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының  PR- менеджері Айнұр Жақанова.  

3.JPEG

Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.  

Мемлекеттік корпорация менеджерінің айтуынша, азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен ала алады. Сондай-ақ, бұл қызметтерді аудандық әкімдік ғимараттарында, "I Qala" қалалық қызмет және цифрлық қызметтер орталықтарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан ала алады.

5.JPEG

6.JPEG

Еске саламыз, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта egov.kz электронды үкімет порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы алуға мүмкіндік бар.

7.JPEG

8.JPEG


Өзгелердің жаңалығы