Нұр-Сұлтан қаласында блок-бекет қойылмайды

11 Желтоқсан 2020, 14:52
2330
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында блок-бекет қойылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың айналасына блокбекеттер қойылмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Қала жабылмайды. Мүмкін қалаға кіріп-шығатындар үшін ПТР-сынамалары талап етілетін болар. Бірақ ешқандай блок-бекеттер қойылмайды, - деп сендірді Пірәлиева.

Ол, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында күн сайын 200-ден астам жағдай тіркелетіндіктен, бақылау бекеттері орнатылғанын түсіндірді. Нұр-Сұлтанда дәл қазір мұндай науқас жоқ.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Петропавл маңында бақылау-өткізу бекеттері орнатылған болатын.

2020 жылдың қараша айының соңында Маңғыстау облысында өткізу пункттерін орнату мәселесі де қаралды.

Өзгелердің жаңалығы