Нұр-Сұлтан қаласына су басу қаупі бар 29 учаске белгіленді - ТЖД

24 Наурыз 2021, 12:00
2112
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласына су басу қаупі бар 29 учаске белгіленді - ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Елордадағы су тасқынына қарсы дайындық» тақырыбында өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсенқанов көктемгі су тасқынына дайындықтары туралы баяндады.

Оның айтуынша, ТЖД мен қала әкімдігі көктемгі су тасқынына дайындық мәселесін әрдайым бақылауда ұстап, оның алдын алу бойынша бірнеше жиын өткізген.

Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ТЖД өкілдері және басқа да мемлекеттік мекемелермен көктемгі су тасқынына дайындық бойынша бес рет комиссия отырсы  өткізілді. Оған қоса республикалық деңгейде Төтенше жағдайлар министрлігімен де жиын өтті. Осы отырыстарда проблемалық мәселелер көтерілді, сұрақтар туындады. Қазір сол сұрақтар бойынша жұмыс атқарылып жатыр,-дейді ол. 

Қазгидромедтің болжамы бойынша наурыз айының үшінші тоқсанында ауа райы құбылмалы, қарлы, жауын-шашынды. Осы демалыстан кейін күн жылынып, жауын-шашын болуы ықтимал. 

Ақпан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының айналасында қардың  ылғалдылығын,  топырақтың қатуын тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде ақпан айында топырақтың қатуы 84 см құрағаны белгілі болды, былтыр ол 66 см болған, яғни биыл 30 пайызға жоғары. Оған қоса қардағы ылғалдылық қоры былтырғыдан 20-30 пайызға төмен ,- дейді Бейсенқанов. 

Сонымен қатар ол қалада 29 су басу қаупі бар учаске белгіленгенін айтты. 2019-2020 жылы мұндай су басу қаупі бар учаскелер саны 37 болыпты. Тоқтаусыз атқарылған жұмыстың арқасында ол бүгін азайған. Қазір сол 29 участок бойынша қар тазалау, арықтарды тазалау сияқты жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ қыс басталғалы қалада 1 млн 400 мыңғы жуық текше метр қар шығарылған. Қалада 11 қар шығару полигоны бар және осы уақытқа дейін олардың ешбірі толмаған. 

Былтыр осы уақытта қалада 6 млн текше метр қар шығарылған еді. Сондықтан биыл қалада қар аз түсті. Қалада 663-тен астам жеке құрам дайын тұр. 185 техникамыз бар. Азаматтық қорғау күш құралынан бөлек коммуналдық қызметте 190 адам мен 138 техника бар. Қазір бұлардың барлығы көктемгі су тасқынына сақадай сай ,- деді басқарма бастығы.

Өзгелердің жаңалығы