Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айының 21-27 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПБ қызмет атқару аймағында криминалдық полиция қызметкерлері «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады egemen.kz.
Жедел іс-шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында азаматтарды заңсыз бас бостандығынан айыру, тұлғалардың және жасөспірімдердің саудасы, интимдік және жезөкшелiк қызмет көрсетуге тарту фактiлерiн анықтау негізге алынады. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ әуе қауiпсiздiк қызметi және ҚР ҰҚК шекара қызметi қызметкерлерiмен бiрлесе отырып жұмыс атқаруда.
«Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткiзу барысында ЖПБ криминалдық полиция қызметкерлерi адам саудасының қылмыстық құқық бұзушылығы негiзiнде БАҚ және интернет, әлеуметтік желiлерге мониторинг жүргiзіп келеді. Сонымен катар, әуежайда мәжбүрлi еңбекке тарту қылмыстық құқық бұзушылығын анықтау мақсатында шетелге ұшатын жолаушыларды және ұшып келген шетел азаматтарын тексеру жұмыстарына баса мән беріліп отыр.
Жоғарыда аталған жайттар анықталған жағдайда Көлiктегi ПД Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПБ полиция қызметкерлері 102 байланыс телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.