Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше партияның Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) Nur Otan партиясының Саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді.
Бұл туралы партияның сайтында жарияланды.
1. | ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы | Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы
|
2. | ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
|
3. | ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
|
4. | САИРОВ Ерлан Бияхметұлы | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
|
5. | ҚЫДЫРӘЛІ Дархан Қуандықұлы | «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқармасының төрағасы
|
6. | ӨРІСБАЕВ Аббат Жәңгірханұлы | Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
|
7. | ҚАЛТАЕВА Ляззат Молдабекқызы | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
|
8. | ЗЕНЧЕНКО Геннадий Геннадьевич | «Зенченко и К» КС директоры
|
9. | ПАУЛИ Элина Сергеевна | «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары |
Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне бейнебайланыс режимінде қатысқан болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен және дауыс беру рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданған болатын.