Nur Otan өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барды

6 Қаңтар 2021, 20:12
1833
Бөлісу:
Nur Otan өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партия мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Партия мүшелері Чапаево ауылындағы «Қызылжар сүт» базасында өңірдің ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен кездесті.

Жиын барысында халықаралық талаптарға сәйкес ветеринарлық, фитосанитарлық және карантин қызметтерін жаңғырту жалғасатыны айтылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын ғылыми әзірлемелермен қамтамасыз ету бойынша аграрлық ғылым үшін нақты нысаналы индикаторлар дайындау сөз болды.

Елді отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есе, еңбек өнімділігін – 2,5 есе, өңделген өнімнің үлесін 70%-ке жеткізе отырып, экспортты – 2 есе арттыру жоспарлануда. 

Осы күні Бескөл ауылында партия мүшелері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірге қоныс аударған отбасылармен кездесіп, олармен бірге Солтүстік Қазақстан облысының алдағы даму жоспарын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы