Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan өкілдері Қостанай облысының қала мен ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіп көсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен 20 кездесу өткізді.
Таяудағы 5 жылда облыста 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, 2,8 мың км автожол салу және жөндеу, 100 мыңдай ауыл тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу және басқа да жобалар жоспарлануда.
Бұдан кейін нұротандықтар өңірдің зиялы қауым өкілдерімен ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кездесуде әйгілі ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай партия қолдауымен Қостанай өңірінде республикалық айтыс өткізу және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында оған арнап ескерткіш орнату жайы да қозғалды.
Осы күні партия өкілдері Рудный қаласының тұрғындарымен де кездесіп, қалалықтарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.