Nur Otan – еліміздің негізгі саяси күші – Тоқаев

28 Қаңтар 2022, 15:55
1427
Бөлісу:
Nur Otan – еліміздің негізгі саяси күші – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның бүгін кезектен тыс өткен XXI съезінде сөйлеген сөзінде  айтты. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасы хабарлады.

Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз, - деді ел Президенті съезде.

Сонымен қатар Мемлекет басщысы жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін алға тартты.

Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет, - деді ол. 

Сондай-ақ партия мемлекетшілдер партиясы болуы тиіс деп отыр.

Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы