Nur Oran-ның кезектен тыс XXI съезі республикалық арналардан көрсетіледі

28 Қаңтар 2022, 19:27
1644
Бөлісу:
Nur Oran-ның кезектен тыс XXI съезі республикалық арналардан көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Oran партиясының кезектен тыс XXI съезінің толық нұсқасы республикалық телеарналардан көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Oran партиясының кезектен тыс XXI съезіне қатысты. Партия іс-шарасының толық нұсқасы бүгін сағат 21:30-да республикалық телеарналардан көрсетіледі, – деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы