Nazarbayev University-де (NU) 15 наурызда ҚР Вице-премьері Ермек Көшербаевтың қатысуымен DeeptechБәйге конкурсының финалдық питчингі өтті.
Deeptech Бәйге – инкубация, акселерация, Jas Venture, Go Abroad және басқалары сияқты NU стартаптарынқолдау бағдарламаларының барлық түлегініңжобаларын біріктіретін алғашқы ірі жергілікті іс-шара. Байқаудың жалпы жүлде қоры 35 млн теңгеболды.
Финалда 10 стартап өз жобаларын таныстырды, олармедицинадағы жасанды интеллекттен бастап, ауылшаруашылығындағы озық мониторинг жүйелеріне дейінәртүрлі салаларда инновациялық шешімдер ұсынды. Әржоба үш минуттық питчингтен өтіп, одан кейін стартаптыңнегізін қалауышылар қазылар алқасының сұрақтарынажауап берді. Сарапшыларды жобалардың ерекшелігі, нарықтық әлеуеті, әрі қарайғы жоспарлары жәнетаныстырылған технологияларды практикалық қолданумәселелері қызықтырды. Соңында ҚР вице-премьері ЕрмекКөшербаевтың басшылығымен ғылым, білім және бизнессалаларының жетекші өкілдерінен тұратын қазылар алқасықорытынды шығару үшін ақылдасу бөлмесіне ауысты.
Бірінші орын мен 12 млн теңгені жауынгерлікдрондарды жасауға арналған инновациялық платформа– GAME OF DRONES стартабы жеңді. Олсимуляциялардың арқасында оқытудың неғұрлымқолжетімді және тиімді әдістерін пайдаланады. Қазіргіуақытта бұл жобаның 23 елден 10 мыңнан астампайдаланушысы бар. Стартаптың негізін қалаушыАбылайхан Жақанов бұл платформа – киберспорттың жаңаформаты, мұнда ойыншылар қозғалыс жасау арқылышынайы техниканы басқара алатынын айтты. Алайда бұлтехнологияның әлеуеті одан да жоғары: стартаптыңшешімдерін аграрлық секторда, қорғаныс және өндіріссалаларында қолдануға болады. Осы платформа негізіндекоманда ұшқыштарды даярлау құнын айтарлықтайтөмендетуді ұсынып отыр, мәселен, әскери қызметкерлердідаярлау құнын 100 есе азайтуға болады.
2-орын мен 10 млн теңгені геймификация мен AI әдістерін қолданатын инсультті қалпына келтіругекөмектесетін цифрлық терапия жүйесі – FLECTION.AI стартабы алды. Платформаның негізін қалаушысы, NU профессоры Александр Пактың айтуынша, платформаАстанадағы клиникалармен бірлестікте 200 пациенткесыналып, оң нәтиже берген. Команда үй жағдайында оңалтубойынша америкалық нарыққа шығуды көздеп отыр.
3-орын мен 8 млн теңгені GRANULO SYSTEM жобасыжеңді. Бұл тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістік процестердіжақсарту үшін кен фракциясын талдау жүйесі. Олконвейердегі кен мөлшерінің орналасуын бақылауғакөмектеседі, бұл шар диірменінің жұмысын және бұрғылау-жару жұмыстарын бақылауды жақсартады.
Көрермен көзайымы сыйлығы мен 5 млн теңгені HEMO LAB медтех-стартабы олжалады. Ол – дәл диагноз қоюуақытын 10 есе қысқартып, 95% дәлдікпен ауруларды ертедиагностикалауға арналған SaaS-платформасы.
Сонымен қатар барлық стартап алдында тәлімгерлікбағдарламаларына қатысу және индустриялықсеріктестермен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріашылды, бұл оларға өз жобаларын кеңейтіп, жаңанарықтарға шығуға көмектеседі.
Байқауға қатысуға өтінімдерді жинау қаңтар айыныңсоңында басталды. Жалпы 100-ге жуық өтініш түсіп, жетекшібизнесмендер мен венчурлық инвесторлардан тұратынқазылар алқасының шешімімен финалға тек 10 жоба ғанаөтті. Ғылыми әзірлемелер мен инновациялардыілгерілетуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде бәсекегеқабілетті deeptech-стартаптардың экожүйесін қалыптастыруға бағытталған бастаманы “Әлеуметтік дамуқоры” ҚҚ қолдады.
NU алдағы уақытта еліміздің басқа университеттерін деқосып, байқауды кеңейтпек. Ұзақ мерзімді жоспарлардыңішінде стартаптарды қолдау қорын құру мақсаты бар, олтұрақты негізде Deeptech Бәйге өткізіп отыруға мүмкіндікбереді.
Deeptech Бәйге-2025 финалистері:
COWMAS — малдың жағдайын бақылайтын AI-жүйе, қазіргі кезде 700 бас бойынша қызмет көрсетуде. Жоба малшаруашылығының тиімділігін арттыруға және шығындардыазайтуға бағытталған.
GAME OF DRONES — симуляциялау арқылы қолжетімдіжәне тиімді оқыту әдістерін ұсынатын инновациялық дрондайындау платформасы. Қазіргі нәтиже: 23 елден 10 мыңнан астам пайдаланушы.
HEMO LAB — дәл диагноз қою уақытын 10 есеқысқартып, 95% дәлдікпен ауруларды ертедиагностикалауға арналған SaaS-платформасы.
KIENG — жабдықтың қызмет көрсету көрсеткіштеріналдын ала болжайтын AI-камералар. Олар өндірістегіүзілістер мен ақауларды анықтауға көмектеседі. EFES Kazakhstan және Alstom-да пилоттық негізде енгізілген.
LUMISOLCOAT — энергетика саласына арналған күнпанельдерінің тиімділігін арттыратын гидрофобты жәнелюминесцентті жабын.
MULTICODE — логистикалық тиімділікті арттыратын AI көмегімен вагон паркін басқаруға арналған B2B SaaS-платформа.
ODEP LAB — ғылыми зерттеулерді оңтайландыруғажәне R&D процестерінің дәлдігін жақсартуға арналған AI агенттері. Қазіргі нәтиже: зерттеулердегі тәлімгерліктен$6O,OOO кіріс, Сингапурда 2 алдын ала сату.
OUTPEER — генеративті жасанды интеллектті қолданаотырып, жеке кәсіби даму платформасы. Қазіргі статус: нарықта – 4 жыл, 10 + оқу бағыты, 2 200 + түлек.
FLECTION.AI — геймификация мен AI әдістерінқолданатын инсультті қалпына келтіруге көмектесетінцифрлық терапия жүйесі.
GRANULO SYSTEM — тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістікпроцестерді жақсарту үшін кен фракциясын талдау жүйесі. Конвейердегі кен мөлшерінің орналасуын бақылауғакөмектеседі, бұл шар диірменінің жұмысын және бұрғылау-жару жұмыстарын бақылауды жақсартады.