Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең ірі сырғыманың ені 650 метрді құраса, жағалаудың бөлінген учаскесінің биіктігі 40 метрге жетті.
Норвегияның солтүстігіндегі Финнмарк аумағында орналасқан Алта қалашығы маңында қуатты тау көшкіні жүріп, 8 үйді теңізге қарай ағызып әкетті. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, ең ірі сырғыманың ені 650 метрді құраса, жағалаудың бөлінген учаскесінің биіктігі 40 метрге жетті, деп жазады ru.euronews.com.Полиция қызметкері Андерс Бьерке Олсен кешкі сағат 16:00-де екі үйді теңіз шайып кеткені туралы хабарлама түскенін айтады.
Осыдан кейін көшкін теңізге тағы бірнеше үйді алып кетті. Біз құтқару тікұшақтарын, иттерді, Қызыл кресті, азаматтық қорғанысты, өрт сөндірушілерді, жедел жәрдем мен полицияны шақырдық. Адамдардың ешқайсысы зардап шекпегеніне көз жеткізгенге дейінгі алғашқы минуттар мен сағаттар өте қиын болды, - дейді ол.
Бұл – қала тұрғындары демалыс күндері келетін саяжай еді. Сондықтан, жұмыс күні болған көшкін кезінде үйлер бос болған.