Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін Норвегия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.
Нақты тізімге 28 футболшы енді. Ұлттық құрама 1 қыркүйек күні Алматыда жиналады.
Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйек күні 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талғат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобол»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»);
Қосалқы құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Зуев («Тобыл»), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);
Бапкерлік штабы: Станислав Черчесов – бас бапкер, Владимир Панников – бас бапкердің көмекшісі, Паулино Гранеро – дене даярлығы бапкері, Гинтарас Стауче – қақпашылар бапкері, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.