Nomadic Innovation hub: Сингапурде инновациялық IT-хаб ашылды

27 Мамыр 2024, 17:49
251
Бөлісу:
Nomadic Innovation hub: Сингапурде инновациялық IT-хаб ашылды
Фото: ЦДИАӨМ

Сингапурде nomadic Nomadiq Innovation hub by Investbanq инновациялық хабының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЦДИАӨМ мәлімдеуінше,  Nomadic Innovation hub – бұл Орталық Азияны Сингапурдің бірыңғай өңірі ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT-кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға жәрдемдесуге бағытталған жеке бастама.

Nomadic Innovation hub тәжірибелі сарапшылар мен халықаралық кеңесшілерді біріктіреді, олар бизнеске енді аяқ басқан кәсіпкерлердің табысты болуына жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істейді. Бұл бастама жекелеген стартаптардың өсуіне ықпал етеді, сонымен қатар Қазақстанның, Орталық Азияның және жалпы әлемнің венчурлік нарығының дамуына елеулі үлес қосады.

Хабтың ашылуында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі. Министр бұл хаб Сингапурден жаңа стартап жобаларды тарту нүктесіне айналатынын және түркі елдерінің цифрлық шешімдерді қолдану аймағын кеңейту жөніндегі күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.

Біз Nomadiq Innovation Hub-қа Қазақстанның мүдделерін білдіретін мақсаттарға қол жеткізуде, атап айтқанда, қазақстандық IT-өнімдер экспортын ұлғайтуда және елімізге инвестициялар тартуда үлкен үміт артамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанның стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту мен қолдауда айтарлықтай тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мысалы, бес жыл бұрын біз Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін іске қостық, ол бес жыл ішінде стартаптар мен олардың құрылтайшыларын қолдауға бағытталған өнімдер мен қызметтердің кең спектрін қамтитын Орталық Азиядағы жетекші технопарктердің біріне айналды. Нәтижесінде, бүгінде Astana Hub резиденттерінің саны 1,403 қатысушыны құрайды, оның ішінде 388 шетелдік компания бар. Сондай - ақ біз Google, Draper University, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестерді тартып, азаматтар үшін ең үздік озық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік бердік, - деді Жаслан Мәдиев.

Nomadic Innovation hub-тың миссиясы – стартаптарға жаһандық бәсекеге қабілетті тұрақты және инновациялық бизнес үлгілерін дамытуға көмектесу. Қазіргі уақытта 1 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестициялық капитал тартылды.

Инновациялық хабтың негізгі мақсатты аймағы – Оңтүстік-Шығыс Азия, сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде де кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Біздің негізгі мақсаттарымызға таңдалған жобаларға терең және жекелендірілген қолдау көрсету, тұрақты бизнес үлгілерін құруға көмектесу және жеке өсу стратегияларын әзірлеу кіреді. Біз сондай - ақ халықаралық нарықтарға шығу кезіндегі кедергілерді еңсеруге назар аударамыз және өңірімізді венчурлік инвесторлар үшін перспективалы алаң ретінде танытуға ұмтыламыз, - деп атап өтті Nomadiq Innovation hub басқарма төрағасы Олжас Жиенқұл.

Сондай-ақ, ЦДИАӨМ және Nomadiq Innovation hub Сингапур аумағында қазақстандық IT-стартаптардың ынтымақтастығы және одан әрі дамуы туралы Меморандумға қол қойды.

Сингапурлық Innovation Hub – біздің шетелдегі үшінші жобамыз. Сингапур инновациялар мен технологиялық даму саласындағы әлемдік көшбасшы саналады. Сингапурде бизнестің өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасайтын жетекші технологиялық компаниялар, инвестициялық қорлар және белсенді стартаптар қауымдастығы шоғырланған. Тағы екі инновациялық хаб АҚШ-та (Silkroad Innovation Hub) және Сауд Арабиясында орналасқан, Эр-Риядтағы хаб ұлы философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фарабидің атымен аталған.

Өзгелердің жаңалығы