Ноғаев: Қазақстанда карбон қорын құру жұмысы жүріп жатыр

31 Тамыз 2021, 20:37
11960
Бөлісу:
Ноғаев: Қазақстанда карбон қорын құру жұмысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында ЕО карбонсыздандыру туралы шешімі аясында ОЭК дамуының жаңа парадигмасына арналған халықаралық-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Нұрлан Ноғаев өз сөзінде бүгінгі таңда бірқатар елдердің алдында экономиканы карбонсыздандыру және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті.

Қазақстан қазірдің өзінде Халықаралық бағдарламалар мен келісімдердің қатысушысы болып, өзінің жол картасының жобасын әзірледі, - деді министр.

Қазіргі уақытта әзірленген құжаттар пакеті мыналарды қамтиды:

- Біріншісі – Париж келісімі шеңберінде 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша Қазақстанның жаңартылған міндеттемелерінің жобасы;

- Екіншісі – осы міндеттемелерді іске асырудың 2021 – 2025 жылдарға арналған жол картасының жобасы;

- Үшінші – Дүниежүзілік банктің «Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін жаңарту (ҰДАҮЖ) және 2020 жылдан кейінгі кезеңге ҰДАҮЖ жүзеге асыру үшін Жол картасын әзірлеу» техникалық есебі.

Бұдан басқа 2050 жылға дейінгі төменкөміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол жақын арада бекітілетін болады. Онда терең карбонсыздандыру жөніндегі шаралар көзделген.

Сонымен қатар, біз энергия ресурстарын тұтынуға, импорттық және экспорттық көміртегі бажына ішкі көміртегі салығын енгізу, сондай-ақ карбон қорын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мұның бәрі ЕО-да шекаралық көміртегі салығын толық төлеуден аулақ болады және экономиканы терең декарбонизациялау мақсатына жету үшін климаттық жобаларды іске асыруға көміртегі салығынан алынған қаражатты бағыттауға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Өз баяндамасы барысында министр Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінде декарбонизация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар: алауларда газ жағуды азайту, МӨЗ-де парниктік газдарды азайту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергетика саласын қайта құрылымдау туралы айтып берді.

Біздің елдеріміздің, ғылыми қоғамдастықтың және жұртшылықтың бірлескен күш-жігері климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі біздің іс-қимылымыздың үлесін ұлғайтып, тиімділігін арттыра алады және сын-қатерлерді орнықты даму үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алады, - деп түйіндеді министр.
Өзгелердің жаңалығы