Ноғаев былтыр электр энергетика жүйесінде қандай бұзушылықтар болғанын айтты

18 Мамыр 2021, 09:28
943
Бөлісу:
Ноғаев былтыр электр энергетика жүйесінде қандай бұзушылықтар болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты режимде өтті. Қысқы ең жоғарғы электр энергиясын өндіру жүктемесі 2020 жылғы 28 желтоқсанда тіркеліп, 15 822 мегабатты құрады. 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 4458 технологиялық бұзушылық тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылық саны 11 пайызға артты, - деді ол.

Ноғаев атағандай, өткен жылыту маусымында электр жүйелерінде бірқатар ірі технологиялық бұзушылық болды.

Өткен жылы энергияны өндіру 0 мегабатқа дейін төмендеткен 36 тоқтату болды. 2020 жылғы 20-21 жылғы қараша мен биылғы 5 қаңтарда Өзбекстанның энергия жүйесі тарапынан энергияны артық алу және апаттық теңгерімсіздік салдарынан Қазақстанның бірқатар энергиялық жүйесі солтүстік, оңтүстік транзиті бойынша жойылып, солтүстік және оңтүстікті жалғайтын 500 кв-ттық 3 әуе электр желісі ажыратылды. Оның салдарынан Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электр энергиясын беруге шектеу енгізілді, - деді Ноғаев.


Өзгелердің жаңалығы