Низами Гәнжауи 880 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

11 Наурыз 2021, 12:12
1411
Бөлісу:
Низами Гәнжауи 880 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы мен Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Низами Гәнжауи –  880 жыл: оның әлемдік мұраға қосқан үлесі» атты бірлескен халықаралық конференция өтті.

Онлайн форматта өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталықтың тең төрайымы, Латвияның бұрынғы президенті Вайра Вике-Фрайберга, Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталықтың тең төрағасы, Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Исмаил Серагелдин  Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталықтың бас хатшысы Ровшад Мурадов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева,Түркия Парламенті және Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының мүшесі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бұрыңғы бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу,  ИСЕСКО ұйымының бұрынғы директоры Абдулазиз Алтуайджри, Өзбекстан Ұлттық Ғылым академиясы Әдебиет, тіл және фольклор институтының директоры Низамаддин Махмудов, Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Джоомарт Оторбаев, Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Хикмет Четин, Маврикий Республикасының экс-Президенті Амина Гуриб-Факим,  Эквадор Республикасының экс-Президенті Розалия Артеага Серрано, Назарбаев университеттерінің профессоры Юлай Шамилоглу, сондай-ақ  түркі елдерінің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Низами Гәнжауи 880 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция барысында «Низами және оның мұрасы», сонымен қатар «Низами және 2021 жылдағы әлем» атты екі панельдік отырыс болды. 

Жиынның «Низами және оның мұрасы» атты алғашқы панелінде сөз сөйлеген Академия басшысы Д. Қыдырәлі Низами Гәнжауидің түркі әлемінде алатын орны туралы баяндап, конференцияның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. 

Низами Гәнжауи 880 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Біз «Низами жылын» маңызды оқиғадан бастадық. Өткен жылдың 30 желтоқсанында Низами Гәнжәуи халықаралық орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Бұл біздің орталықпен бүкіл әлем бойынша ұлы философ пен ақынның идеяларын насихаттайтын алғашқы бірлескен іс-шарамыз. Біздің осы бағыттағы ынтымақтастығымыз табысты жалғасады деп ойлаймын. Мен Низами Гәнжәуи халықаралық орталығына, оның басшылығына және барша қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі жоғары деңгейдегі іс-шара Низами мұрасына және оның таныла түсуіне ықпал етеді деп сенеміз, – деді Академия президенті.


Өзгелердің жаңалығы