Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен Ниязбеков қола жүлде үшін күресте үндістандық Баджранг Баджрангпен кездескен болатын.
Өкінішке қарай, кіші финалда Дәулет қарсыласынан 0:8 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, қазақстандық еркін күрес шеберлері Токио Олимпиадасынан бір қола еншіледі. 57 келідегі Нұрислам Санаев өз салмағында үздік үштікке енген болатын.