Нигерия армиясы 72 сағат ішінде 47 террористі залалсыздандырды. Әскери ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, антитеррористік операциялар елдің түрлі өңірлерінде жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәлімдемеде бірқатар содырдың қашып кеткені, ал 19-ы қолға түскені айтылған.
Нигериялық әскери қызметкерлер террористік ұйымдар тұтқында ұстап келген 30 бейбіт тұрғынды босатып алған.
Сонымен қатар террористерден көп көлемде қару-жарақ, оқ-дәрі және мотоциклдер тәркіленген.
Қазіргі уақытта Нигерия қарулы топтардың шабуыл қаупінің күшеюімен, сондай-ақ «Лакурава», «Боко Харам» және ISWAP террористік ұйымдарының әрекеттерімен күресіп жатыр.