Нигерияда мектеп-интернаттан ұрланған 300 оқушы іздестіріліп жатыр

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиға елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында болды. Билік ұрланған адамдарды іздеу және құтқару операциясын бастады. Ақпан айының басында қарақшылар&nbsp;Нигерияның басқа колледжінен 300-ге жуық адамды ұрлап кеткен еді.</h4>

 27 Ақпан 2021 2021, 21:25
27 Ақпан 2021 2021, 21:25
2470

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиға елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында болды. Билік ұрланған адамдарды іздеу және құтқару операциясын бастады. Ақпан айының басында қарақшылар Нигерияның басқа колледжінен 300-ге жуық адамды ұрлап кеткен еді.

Нигерияда қарулы адамдар Замфара штатындағы Джангебе қаласындағы мемлекеттік орта мектептен 317 қызды ұрлап әкетті, деп хабарлады legit басылымы.

Оқиға 26 ақпан күні таңертең елдің солтүстік-батысында болған. Террористер мектеп-интернатқа шабуыл жасады, алдын ала мәліметтер бойынша бірнеше күзетші жарақат алған. Бұған дейін қарақшылар жақын маңдағы әскери блок-бекетті басып алған еді.

Замфара штатының полиция комиссары Абуту Яро қауіпсіздік күштері іздестіру-құтқару операциясын бастағанын хабарлады. Қарулы топ ұрланған мектеп оқушылары тасымалданған аудандарға бет алды.

Би-би-сидің мәліметінше, адам ұрлаушылар түнде мектепке кірген. Олар мектепке пикаптар және мотоциклдермен келген. Ал мұғалімдердің бірі кейбір шабуылдаушыда мемлекеттік қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің киімдері болғанын мәлімдеді.

Наверх