Нигерияда қайық аударылып, 27 адам қаза тапты

Нигерияда Нигер өзенінде қайық аударылып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 freepik.com 1 Желтоқсан 2024 2024, 05:11
1 Желтоқсан 2024 2024, 05:11
1014
Фото: freepik.com

Нигерияда Нигер өзенінде қайық аударылып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Azerbaycan 24-тің мәліметінше, 200 жолаушыны тасымалдаған қайық өзеннің ортасында аударылған.

Нигер штатының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік өкілі жолаушылардың жартысынан астамы хабар-ошарсыз кетті деп отыр. Құтқарушылар 27 адамның денесін өзеннен алып шыққан.

Оқиғаның себебі әзірге белгісіз, бірақ қайық өзендегі турбуленттілік немесе техникалық ақаулар салдарынан болу ықтималдылығы айтылуда. Штат билігі жолаушыларда құтқару жилетінің болмауы адам шығынына әкелді деп есептейді.

Наверх