Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нигерияда мешітте жарылыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты

Кеше, 03:40
838
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласында мешітте жарылыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы France Press (AFP) агенттігі қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

AFP мәліметінше, 24 желтоқсанда мешіттегі жарылыс жеті адамның өмірін қиды. Оқиға кезінде мешітте көптеген адамдар болған.

Vanguard газеті хабарлағандай, мешіт әдетте көпшілік жиналатын орын болып табылады, оның ішінде жақын маңдағы базарға келген адамдар да бар. Жарылыстан кейін қалада қосымша оқиғалар тіркелмеген.

Өзгелердің жаңалығы