Нигерияның 34 штатында өлімге әкелетін қауіпті ауру таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анадолу агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қатерлі індет соның ішінде ел астанасы Абуджа қаласында да таралған.
Қазіргі таңда елдегі Ласса безгегінен көз жұмғандар саны 163 адамға жетті.
Нигериялық ауруды бақылау орталығы (NCDC) таратқан ақпаратқа сәйкес, былтыр елде Ласса безгегін 1227 адам жұқтыру дерегі тіркеліп, 219 адам індеттен қайтыс болған.
Ел үкіметі аталған ауруды емдеу үшін 3 препарат анықталғанын айтты.
Алғаш рет Ласса безгегі Нигерияда 1969 жылы елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында анықталған.
Ласса безгегі салдарынан Нигерия үкіметі былтыр ақпан айында елде ТЖ режимін жариялады.
Айта кетерлігі, Ласса безгегі тышқандар мен егеуқұйрықтардың нәжісі арқылы жұғады. Қауіпті ауру адамға жұғып, соңы өлімге әкелу қаупі жоғары.