Дүниежүзілік банк Нигерияда күннің көзінен қуат алатын электр жүйелерінің құрылысын қаржыландыруға көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
200 миллионнан аса халқы бар Нигерияда энергожүйе нашар дамыған, миллиондаған тұрғын мен кәсіпорын сұйық отынмен жұмыс істейтін генераторларға қарап отыр.
Жаңа стансалардың қуаты 10 мегаватқа дейін жетеді. 1 станса 200-ге жуық үйді жарықпен қамти алады.