Нигерде биылғы нөсер жаңбыр салдарынан 23 адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы жуырда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық өрт сөндіру бригадасының командирі Әли Абдул Азиз мәлімдеді.
Оның айтуынша, жауын-шашын салдарынан 3615 үй қирап, 5855 отбасы баспанасыз қалған. Жалпы алғанда 42 559 адам зардап шеккен.
Әли Абдул Азиз тұрғындарды жауын кезінде немесе одан кейін өзен арналары мен су өткелдерінен өтпеуге, дренаждық арналарды жаппауға, қауіпті аймақтардан аулақ болуға және уақытша паналау орындарын иеленбеуге шақырды.