Қоғам
-
-
Депутаттар энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады
Депутаттар энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады
01.07.2024
-
Түркияда "Абай үйі" ашылды
Түркияның Конья қаласында қазақ мәдени орталығының жаңа ғимараты мен "Абай үйі" ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.07.2024
-
Қытайда бөкендердің төлдеу маусымы басталды
Қытайда Цинхай-Сицзан үстіртінің кең байтақ даласында Сицзан бөкендері жиналып, төлдейтін аймаққа бет алды, деп хабарлайды BAQ.KZ people.cn-ге сілтеме жасап.
30.06.2024
-
Дау-жанжалдарды басқару: мәселеден қалай шығуға болады
Жұмыс орнындағы дау-жанжал – кез-келген компанияда болуы мүмкін қалыпты құбылыстардың бірі. Оның себебі түрлі: жеке мүдделердің қайшылығынан бастап стратегиялық көзқарастардың әркелкілігіне дейін болуы мүмкін. Дау-жанжалдарды басқару бүгінде ұжымның тиімді жұмысы мен ондағы жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз етуде басты элементтердің біріне айналып келеді.
ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) сарапшысы дау-жанжалдарды қалай еңсеріп, жеңімпаз болып шығуға болатыны жайлы кеңестерімен бөлісті.
Белсенді тыңдаңыз
Белсенді тыңдау – дау-жанжалдарды тиімді басқарудың басты құралы. Harvard Business Review зерттеуіне сәйкес, менеджерлердің 69%-ы тыңдай білмеу жұмыс орнындағы дау-жанжалдардың негізгі себебі деп есептейді. Белсенді тыңдау деген әңгімелесушінің айтқан сөзін қалдырмай тыңдауды ғана емес, оның эмоциясы мен ниетін түсіну дегенді білдіреді. Сіз өзіңіздің мұқият тыңдап және түсініп отырғаныңызды көрсету үшін анықтап сұрау, нақтылау сынды техникаларды қолданыңыз.
«Мен»-хабарламаларды қолданыңыз
Зерттеулер «сен»-хабарламалар емес, «мен»-хабарламаларды қолдану дау барысында қайшылықты айтарлықтай бәсеңдете алатынын көрсетеді. Мысалы, «Менің жұмысыма кері байланыс болмаған кезде мен өзімді ешкім бағаламайтындай сезінемін» деген сөз «Сен ешқашан маған кері байланыс жасамайсың» дегеннен гөрі әлдеқайда тиімдірек. Висконсин университетінің зерттеуіне сәйкес, «мен»-хабарламаларды қолдану даудың ушығуын 35%-ға төмендетеді.
Ортақ мақсатты табыңыз
Ортақ мақсат дау-жанжалдарды шешудің қуатты құралы болуы мүмкін. Басқару академиясы жүргізген зерттеу ортақ мақсаты бар командалар дау-жанжалдарды 42%-ға жақсырақ еңсеретінін көрсетеді. Дауға қатысушылардың бәрін не байланыстыратынын анықтап, талқылауды осы мақсаттарға қол жеткізуге бұрыңыз. Бұл даудың фокусын жеке мүдделер қайшылығынан нәтижеге бірлесіп жетуге бұруға көмектеседі.
«Алты қалпақ» тәсілін қолданыңыз
Эдвард де Боно ұсынған «алты қалпақ» әдісі дау-жанжалды талдау мен шешуді тиімді құрал болып табылады. Бұл тәсіл мәселеге жан-жақты қарап, оны конструктивті түрде талқылауға мүмкіндік береді. Стэнфорд университетінің зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес, бұл тәсілді қолдану талқылаулардың өнімділігін 28%-ға арттырады. Дауға қатысушыларды топтарға бөліңіз. Олардың әрқайсы жағдайды әртүрлі позиция: деректер, эмоция, теріс салдарлар, позитивті аспектілер, шығармашылық идеялар және процестерді басқару тұрғысынан қарастырады.
Медитацияны қолданыңыз
Медитация немесе бейтарап «ара ағайынды» тарту күрделі дау-жанжалдарды шешу кезінде аса тиімді болуы мүмкін. Америка медиаторлары қауымдастығының мәліметі бойынша, медитация арқылы өткен дау-жанжалдардың 85%-ы келісіммен аяқталады. «Ара ағайын» тараптарға өзара тиімді шешімдерді әзірлеп, сенімді қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл ретте тәжірибелі және білікті медиаторды таңдау маңызды. Бұл процестің барынша өнімді болуына септеседі.
Дау-жанжалдарды басқару – кез-келген ұйымда дамытылуы тиіс маңызды дағды. Дұрыс стратегия мен тәсілдерді қолдану арқылы дау-жанжалдарды шешіп қана қоймай, одан пайда көріп, өзара қарым-қатынастарды жақсартып, дамытуға болады. МТАЖО сарапшылар медиация және дауларды басқару ісінде қолдауға және оқытуға дайын. Орталық бұл ретте даулы жағдайларды шешуді кәсіби және тиімді тәсілдермен қамтамасыз етеді.
28.06.2024
-
Түркістан театрында Шәмші байқауының қорытындысы шықты
Түркістан музыкалық драма театры 2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.06.2024
-
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы журналистерді мерекемен құттықтады
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының “Есіл” ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай “Журналист – жарқын істер жаршысы” атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.06.2024
-
«AMANAT» – 2024 медиа-сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «AMANAT медиа сыйлығы» республикалық байқауын қорытындылады. Биыл 10 номинация бойынша 12 жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.06.2024
-
"Ауыл" партиясының Саяси кеңесі орташа 10 жасқа жасарды - саясаттанушы
Жақында «Ауыл» партиясының кезекті съезі өтті. Осыған орай саясаттанушы Ержан Ибраев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.06.2024
-
Дебатшылар «АQ JOL CUP» кубогын сарапқа салды
Тараз қаласында «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы алғаш рет «Ақ жол жастары кубогы» (AQ JOL JUNIOR CUP) үшін дебат ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2024
-
Дарынды балалар жазғы демалысын сауықтыру кешенінде өткізді
«Халық» қайырымдылық қоры еліміздің көптеген азаматтары үшін өзгерістер мен үміттің негізі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2024
-
Сарапшылар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша заң жобасын талқылады
ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен Президент орталығы «Құқық бұзушылықтың алдын алу: заңға қарсы әрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.06.2024
-
Мемлекеттік қызметші күніне орай ардагер қаламгерлермен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген ардагер қаламгерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.06.2024
-
Маңғыстау облысындағы ауызсу тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр
Маңғыстау облысында тұщы су мәселесі өте өзекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.06.2024
-
Өзбекәлі Жәнібековтың рухына арналған айтыс өтеді
2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында бұрын-соңды болмаған ақындар айтысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.06.2024
-
Жамбыл облысында өткен турнирде алғаш рет қыздар футбол командасы бақ сынады
Жамбыл облысының Қордай ауданында 14-15 маусым күндері 10-11 жастағы балалардан құралған 16 команда арасында Halyk Open Cup турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.06.2024
-
ОСК алғаш рет Венгриядағы Еуропарламент сайлауын байқауға қатысты
ОСК алғаш рет Венгриядағы Еуропарламент сайлауын байқауға қатысты және Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.06.2024
-
Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын
Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.06.2024
-
Саран қаласының мыңнан аса тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады
Шина зауытында мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.06.2024
-
Өнер арқылы ғаламдық мәселелерді шешуге болады
Өнер арқылы ғаламдық мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне себепші болуға болады. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық шығармашылық симпозиумына келген үндістандық суретші айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.06.2024
-
Zhasproject. Алматыда конкурс жеңімпаздарына сертификаттар берілді
Алматыда Zhasproject жобасының 2024 жылғы шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.06.2024
Наверх