Бас жаңалықтар
Бүгін
Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
28 Қараша 2018, 05:47 337

Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады.

Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.

Сізден жаңалық