Бас жаңалықтар
Бүгін
Назарбаев «Астана» қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосты
14 Қараша 2018, 08:30 25

Назарбаев «Астана» қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосты

«Жылдан жылға көркейіп келе жатқан елордамыз - Астанада тағы бір үлкен оқиға болып отыр. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында сауда-саттықты ресми түрде бастағалы отырмыз. Осы оқиғаның ұлттық валютамыздың, осыдан 25 жыл бұрын енгізген теңгеміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқанының маңызы бар. 25 жыл бұрын теңгемізді енгізіп, Қазақстанның нағыз экономикалық, қаржылық тәуелсіздігін орнықтырған болатынбыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін АХҚО биржасында «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату басталды.

Атап өтсек, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойған болатын. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерінің жетекші орталығын қалыптастыру. Қаржы орталығының міндеті – қаржы қызметтері саласын инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестицияларды тартуға көмектесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету.

Ал АХҚО биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған болатын.

Сізден жаңалық