Бас жаңалықтар
Бүгін
Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты
15 Қараша 2018, 16:05 200

Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты

Ардақ Әшімбекұлы заңнамаға сәйкес ант берді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Әшімбекұлының тәжірибесі мол екенін атап өтіп, оның кәсіби біліктілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

«Ел қауіпсіздігі жүйесінде Мемлекеттік күзет қызметінің рөлі айрықша. Бұл алдарыңызға қойылған міндеттердің ерекшелігіне байланысты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Күзет қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін бүгінде барлық құқықтық және материалдық-техникалық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Қауіп-қатерді тойтаруға әрдайым дайын болу, жаңа сын-қатерлерге бейімделу, қатерлердің алдын алуға және ауыздықтауға бағытталған шұғыл және күзет шараларының кешенін жетілдіру – сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан, Мемлекеттік күзет қызметінің әлеуетін арттыру және оны жан-жақты жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Жиын соңында Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел іс-қимыл штабының және осы мекеменің басқа да жұмыстарымен танысты.


Сізден жаңалық