Бас жаңалықтар
Бүгін
Дубай тәжірибесіне тоқталдық: Елбасы «Астана» қаржы орталығының қалай құрылғанын айтып берді
14 Қараша 2018, 09:23 16

Дубай тәжірибесіне тоқталдық: Елбасы «Астана» қаржы орталығының қалай құрылғанын айтып берді

«1993 жылы ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуі біздің экономикалық, қаржылық тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Содан бері біз көптеген қиындықтан өттік. Дегенмен, діттегенімізге қол жеткіздік. Сол кезден бері Қазақстанның экономикасы біршама өсті және халқымыздың өмір сүру деңгейі де жақсарды. Елімізде кедейлік деңгейі 40 пайыздан 4 пайызға дейін төмендеді. Инфляция да бар. Еліміздің қомақты алтын-валюта қорлары бар. Бүгінгі таңда олардың көлемі 90 млрд теңгені құрайды», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде экономиканың түрлі саласында көптеген ауқымды реформалар жүзеге асқанын айтты. Елбасы «Қазақстан-2050» бағдарламасы әзірленгенін, оның негізгі мақсаты Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елі қатарына, яғни ЭЫДҰ деңгейіне шығару екенін еске салды. Ал АХҚО-ны іске қосу осы мақсаттағы маңызды қадам саналады. Президент Қазақстан былтыр ЭКСПО-2017 көрмесін де сәтті өткізгенін әрі бұл шараны әлемдік қауымдастық қолдағанын атап өтті.

«Біз (ЭКСПО-да - авт.) бой көтерген ғимараттар базасында халықаралық қаржы орталығын салу туралы шешім қабылдадық. Осы тұста күмән басым болды. Дегенмен, орталыққа тағайындалғандар мен Үкімет жұмыс жасап, осылайша біз қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді» деп айту мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Біз сол үшін басқа қаржы орталықтарының, Лондон, Гонконг және басқа орталықтардың тәжірибесін зерттедік. Дегенмен, бізге жақынырақ Дубай тәжірибесіне тоқталдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Атап өтсек, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойған болатын. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерінің жетекші орталығын қалыптастыру. Қаржы орталығының міндеті – қаржы қызметтері саласын инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестицияларды тартуға көмектесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету.

Ал АХҚО биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған болатын.


Сізден жаңалық