Бас жаңалықтар
Бүгін
«Астана» халықаралық қаржы орталығы елорда рейтингін көтерді – Назарбаев
14 Қараша 2018, 10:13 19

«Астана» халықаралық қаржы орталығы елорда рейтингін көтерді – Назарбаев


«Қазақстан әлемде уран өндірісі бойынша бірінші орында. Қазір Қазақстан үлесіне әлемдік уран нарығының 20 пайызы тиесілі. Сондықтан дүниежүзінде осы компания акцияларына қызығушылық жоғары және сұраныс тек арта береді. Одан кейін біз «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Қазақмұнайгаз» бен басқа ұлттық компаниялар сияқты активтерді сауда-саттыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. АХҚО шетелдік капитал тартудың катализаторына айналуы тиіс және қор нарығын жаңа даму деңгейіне шығаруы керек. Бұнда үздік әлемдік тәжірибе белсенді түрде қолданылады. Жетекші серіктестер мен сарапшылар тартылған және қатысушылар үшін теңдессіз жағдайлар жасалған. Болашақта ол аймақтың басты қаржы хабына айналуы тиіс. Сондай-ақ, Азияның жетекші қаржылық орталықтарының қатарына енуі керек. Осылайша, ол біздің аймақ арқылы дамып жатқан «Жібек жолы», «Бір белдеу- бір жолға» да қызмет көрсете алады. Қазірдің өзінде Орталық Астанаға «қаржы орталығы» деген жаңа статус берді. Бұл елорда рейтингін біршама көтерді. Осылайша, қала соңғы жылда ғана Ғаламдық қаржы орталықтары рейтингінде 27 позицияға көтерілді. Жалпы, Астана «ақылды қала» ретінде одан әрі де дами береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосып, АХҚО-ның қалай құрылғанын айтып берген болатын.


Сізден жаңалық