Жаңалықтар
-
-
Жапония премьер-министрі мерзімінен бұрын сайлау жариялады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламентті таратып, 8 ақпанда мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеді. Бұл шешім оның қазан айында қызметке кіріскеніне үш ай ғана өткен соң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
20.01.2026
-
Қазақстан мен Ұлыбритания археология саласында ынтымақтастық орнатты
Лондонда Bett Show UK 2026 білім беру технологияларының халықаралық көрмесі аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) мен Лондон университеттік колледжінің (UCL) Археология институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.01.2026
-
Трамп Давоста "Бейбітшілік кеңесінің" Жарғысына қол қоюды жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Бейбітшілік кеңесі» деп аталатын жаңа халықаралық органның Жарғысын бекітуге ниетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.01.2026
-
Жетісу облысында 3 адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауына қалып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.01.2026
-
Молдова негізгі келісімдерді жойып, ТМД-дан шығады
Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығуға мүмкіндік беретін негізгі келісімдердің күшін жою рәсімін бастады. Бұл туралы елдің вице-премьері және Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосы» эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
20.01.2026
-
Гренландия бойынша ЕО төтенше саммитінің өтетін күні белгіленді
Еуропалық Одақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 22 қаңтарда Брюссельде Гренландия төңірегіндегі жағдайға арналған шұғыл саммитке жиналады. Бұл туралы Еуропалық Кеңес төрағасының өкілі Антонио Коста мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
20.01.2026
-
Испаниядағы пойыз апаты: кемінде 40 адам қаза тапты
Испанияның Кордова провинциясы, Адамуз маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысты. Апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 122 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
20.01.2026
-
Болгария президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
20.01.2026
-
Қазақстан ЮНЕСКО-ның ЖИ бойынша үздік тәжірибелерін енгізуде
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жасанды интеллектіні пайдалануға ұлттық дайындықты бағалау жөніндегі ЮНЕСКО жобасы ресми түрде іске қосылды. Жобаны ҚР Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросымен бірлесіп жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қар, боран, аяз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 20 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Алматыда заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды
Алматы қаласында Ақан Сері көшесі, 18-мекенжайда орналасқан көппәтерлі тұрғын үйге заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
19.01.2026
-
Шымкентте газ жарылысынан ер адам қайтыс болды
Шымкент қаласында тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан бір отбасының үш мүшесі зардап шекті. Оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
19.01.2026
-
Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
19.01.2026
-
Өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылған: жаңа деректер жарияланды
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаөзен қаласында өрт сөндіру автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты қосымша ақпарат берді.
19.01.2026
-
Қазақстанда ЖИ-офицерлерін оқыту басталды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алғашқы AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасындағы оқу легінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
2026 жылғы 20 қаңтар, сейсенбіде Қазақстандағы ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Куәлігінен өмір бойы айырылған адам тағы да мас күйде көлік жүргізген
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Әскери элитаның "күрең берет" символы неге соншалықты маңызды?
Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қазақстан атынан қысқы Олимпиадаға 36 спортшы қатысады
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
Наверх