Жаңалықтар
-
-
Шекарадан маймылдарды қапқа салып өтпек болған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік шекарадан 26 маймылды 8 қапқа салып өтпек болған 41 жастағы Ресей азаматын құрықталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
23.07.2019
-
Арыстағы жөндеу жұмыстары бір айда аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек Арыстағы жұмыстар бір айда аяқталатынын айтты.
23.07.2019
-
Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдеге дейін құрылысшылар 1963 ЖТҚ және КПТҮ объектілерін тапсырды. Бүгін кешке дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
23.07.2019
-
LRT құрылысы келесі жылы аяқталады – вице-премьер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай деді.
23.07.2019
-
Қазақстандық бұрымды 30 секундта 17 тонналық жүк машинасын қозғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы, сондай-ақ, зілтемірді жатып көтеруден Азия чемпионы алматылық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк машинасын сүйреді.
23.07.2019
-
LRT құрылысын аяқтауға «Астана банкіндегі» бұғатталған қаржы алынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысын аяқтау үшін «Астана банкінің» бұғатталған қаржысын алу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
23.07.2019
-
Алматыда заңсыз жүрген 800 шетелдік ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда заңсыз жүрген еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
23.07.2019
-
Досаев елімізде кредит беру шарттарының қалай өзгеретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта банктер азаматтарға кредит берер алдында борыштық жүктемесін есептеу кезінде барлық мәселені ескереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
23.07.2019
-
Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директорының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
23.07.2019
-
Жерді сату және жалға беру мәселесі Ұлттық кеңесте талқыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесі жақында құрылған Ұлттық кеңесте талқыланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек айтты.
23.07.2019
-
Асқар Мамин: Инвестициялық бақылауды күшейту керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді.
23.07.2019
-
Президент кубогінің финалындағы жеңілістен соң екі есе көп еңбектенемін – боксшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен бокстан Президент кубогі додасы ересектер қатарына енді өткен жас спортшыларға үлкен тәжірибе сыйлады, деп жазды Оlympic.kz.
23.07.2019
-
Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді.
23.07.2019
-
ЮНЕСКО ғалымдары Павлодардағы тарихи ескерткіштерді зерттеуге кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік сарапшылар «Ұлы даланың тарихы және мәдениеті» бағдарламасы аясында облыстағы тарихи ескерткіштерді зерттейді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
23.07.2019
-
Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров WBO-ның ТОП-10 рейтингіне кірді
Алматы, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокста ешкімнен жеңілмеген отандастарымыз Жанқош Тұраров (24-0, 17 KO) пен Қанат Ислам (26-0, 21 KO) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ТОП-10 рейтингіне кірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
23.07.2019
-
Желіде IQ-ге арналған ең қысқа тест пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Массачусетст техникалық институтының профессоры Шейн Фредерик (Shane Frederick) үш математикалық сұрақтан тұратын IQ-ге арналған тест құрастырып шығарды. Бұл туралы Mirror хабарлады.
23.07.2019
-
Полиция қызметкерлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
23.07.2019
-
«Жас Отандықтар» қарияларды Есіл өзенінде серуендетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты елордалық филиалының өкілдері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының еңбек ардагерлерін, қарттарды, мүгедек жандарды, зейнеткерлерді «Есіл» өзенінде серуендетеді.
23.07.2019
-
23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай және жаңбыр күтіледі, солтүстік облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
23.07.2019
-
Елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
23.07.2019
Наверх