Жаңалықтар
-
-
Қазақстанда шетелдік компаниялар көбейіп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қыркүйегінің соңына қарай шетелдіктерге тиесілі кәсіпорындар саны 17,4%-ға, 16,5 мың компанияға дейін өсті, деп жазады 7kun.kz.
04.11.2019
-
Қару сақтау ережесін бұзған елордалықтың мылтығы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан тәртіп сақшыларымен азаматтық қарудың сақталу және тіркеу ережелерін бұзғандары үшін 470 қару тәркіленіп, қару иелері әкімшілік жазаға тартылды.
04.11.2019
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Грекия астанасы – Афинада
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде "Ұлы дала: тарих және мәдениет" көрмесін ашады.
04.11.2019
-
Telegram каналымыздағы чатта 9 мыңдай сұрақты талқыладық – Атырау облысы әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Telegram қосымшасында облыс əкімдігі бастамасымен ашылған чат-каналда барлық деңгейдегі əкімдер, басқарма мен коммуналдық мекеме басшылары тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап береді.
04.11.2019
-
Атырау облысында дәрігерлер жетіспейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Атырау облысында дәрігерлер тапшылығын жою мақсатында ауқымды істер атқарылып жатса да, кадр жетіспеушілігі 30% құрап отыр.
04.11.2019
-
Нұрлан Ноғаев: 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 35 жоба іске асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
04.11.2019
-
Түркия инвесторы Ақмолада 40 млн долларға зауыт салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Түркия инвесторы 40 млн долларға жаңа өндіріс құруды жоспарлап отыр, деп хабарлады аймақтық әкімдікте.
04.11.2019
-
Алдағы тәуліктерде қар аралас жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне ықпал етті.
04.11.2019
-
Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды.
04.11.2019
-
Волонтерлікпен айналысатын студенттердің шәкіртақысына 30% қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылғы оқу жылынан бастап, волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30% қосылатын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
04.11.2019
-
Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жалдамалы пәтерлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2022 жылдан еліміздің барлық өңірінде жұмысшы жастарға арналған жалдамалы пәтер салынатынын айтты.
04.11.2019
-
Шымкентте екі бүлдіршін тағамнан уланып қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында бүтін бір отбасы мүшелері тағамнан уланып, екі бірдей бүлдіршін қайтыс болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
04.11.2019
-
Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингіде жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы титулын иеленгеннен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
04.11.2019
-
Елордада "Музейлер парады" акциясы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда "Музейлер парады" акциясы шеңберінде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Халық дәстүрі – асыл қазына" атты шара өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
04.11.2019
-
"Жас маман" жобасы аясында колледждерге халықаралық стандарттарды енгізу жүргізіліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Жас маман" жобасы бойынша оқу орындарын материалдық техникамен жабдықтау, шетелдік әріптестерді тарту, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асырылады.
04.11.2019
-
Консервіленген балық пайдалы ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Консервіленген балық құрамында ақуыз, алмастырылмайтын май қышқылдары, дәрумендер мен микроэлементтер бар.
04.11.2019
-
Көкшетаулық жұмысшылар берілмей келген жалақысын прокуратура көмегімен алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлеуге қол жеткізді, деп жазады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
04.11.2019
-
Талдықорғанда еріктілер орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда еріктілер әлеуметтік орталығы ашылды, деп хабарлады Хабар24.
04.11.2019
-
Қарақшылар Бенин жағасынан теңізшілерді ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарақшылар Бенин жағасында аялдап тұрған норвегиялық құрғақ жүк таситын кемеге шабуыл жасап, экипаждың 9 мүшесін ұрлап кетті.
04.11.2019
-
Абзал Әжғалиев әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт тректен әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды.
04.11.2019
Наверх