Жаңалықтар
-
-
Жәнібек Әлімханұлы айтулы жекпе-жегі алдында ауруханаға түсіп қалды
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ауруханаға түсті. Оның алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
13.07.2024
-
Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі «Аңыз» прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Бұл махаббат» саундтрегі шырқалады. Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
13.07.2024
-
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
Бүгін елімізде Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Шымкентте кене шағып алған ер адам қайтыс болды
Кене шағып, Конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасынан ер адам қайтыс болды. 61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған. Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін дәрігерлер құтқара алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ ontustik.tv-ге сілтеме жасап.
13.07.2024
-
Елімізден қара металл сынықтарын теміржолмен әкетуге тыйым салынады
Елімізден қара металл сынықтарын темір жол көлігімен әкетуге уақытша тыйым салынбақ. Тиісті нормативтік құжаттың жобасы көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл тууралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жазды.
13.07.2024
-
Жаңаөзенде 83 көпбалалы анаға алтын және күміс алқа табысталды
Кеше қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов көпбалалы аналарды қабылдап, оларға салтанатты түрде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
13.07.2024
-
Студенттік команда жарыс болидтерін құрастыруда үздіктер қатарында
Сәтбаев Университеті Энергетика және машина жасау институтының студенттерінен құралған SU Racing Team командасы жарысқа арналған және энергия үнемдегіш автомобильдерді құрастыру бойынша беделді «Қауіпсіздік сыйлығына» ие болып, Asian Shell Eco Marathon 2024 халықаралық марафонынан жеңіспен оралды. Жарыс Индонезияның Ломбок аралында, Мандалика халықаралық трассасында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Астанада 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды
Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 90 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
13 шілдеге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері еліміз бойынша алдағы сенбі, 2024 жылы 13 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Қаржы министрі Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директорының м.а. Х.Озханмен кездесті
Кездесу барысында Хусейн Өзхан Қазақстанның Қаржы министрін 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы хабардар етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13.07.2024
-
Отандық шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі жедел штаб отырысы өтті
Кеше Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен отандық шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі жедел штабтың кеңейтілген отырысы өтті. B2G форматындағы диалог алаңында 10 бизнес қауымдастық пен 20 мемлекеттік органдар, ұлттық даму институттарының және 150-ге жуық экспорттаушылардың өкілдері бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Ақмола облысында жеке үй аумағындағы қоймада шөп өртенді
Ақмолалық өрт сөндірушілер жеке үй аумағындағы қоймада шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.07.2024
-
Елімізде орфографиялық комиссия құрылады
Тіл саясаты комитеті «Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
13.07.2024
-
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан көлік айрығының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.07.2024
-
Елімізде мемлекеттік "Теңіз жасағы" компаниясы құрылады. Ол немен айналысады?
Қазақстанда жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамы құрылады. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.07.2024
-
"ҚазАвтоЖол" жолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін ескертті
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жыл сайын жазда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін еске салады. Шектеулер 1 маусымнан 31 тамызға және 1 маусымнан 15 тамызға дейінгі аралықта өз күшін сақтайды. Бұл арада өңірлерге байланысты айырма бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.07.2024
-
Алматыда Сәтбаев көшесі ішінара жабылады
Алматыда Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сәтбаев көшесі ішінара жабылады. Бұл туралы 12 шілдеде "Алматы жылу желілері" ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.07.2024
-
Ең негізгісі – халықтың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу – Айбар Олжай
Егер сізге банк кредит бермесе, оған ренжудің еш жөні жоқ.
12.07.2024
-
Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты
Алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында ҚР Әділет министрлігі 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы азаматтарды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ
12.07.2024
Наверх