Жаңалықтар
-
-
Жаңаөзен маңында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы мерт болды
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Өзен» кен орны аумағында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап Lada.kz мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
Заң мен тәртіпті сақтаған елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер қатарында – Жеңіс Қасымбек
Конституцияға енетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сынды негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан
Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру
Конституцияға енгізілетін өзгерістер көптің көкейіндегі негізгі сұраққа айналып отыр. Сондықтан Конституциялық реформаның әр азаматқа не үшін қажет екеніне айрықша назар аударылады. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
«AMANAT» партиясында жаңа цифрлық комиссар институты құрылды
«AMANAT» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау. Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
"Жүргізуші куәлігі – 500 мың теңге": Ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды
Жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға тырысқан ақтөбеліктер алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Тарихи қателікті түзеуге мүмкіндік бар: Депутат референдум атауын өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық комиссия отырысында республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Туризм саласында қонақүйлер мен демалыс орындарының табысы 268 млрд теңгені құрады
2025 жылы қонақүйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру нысандарының жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
29.01.2026
-
Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды
Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Ата Заңда Ұлттық құрылтай және Халық кеңесі атауларын аудармасыз қалдыру ұсынылды
Конституциялық комиссия отырысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы Анар Фазылжан Ата Заңның орыс тіліндегі мәтінінде Ұлттық құрылтай және Халық кеңесі атауларын қазақ тілінде қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Әскердегі ашық есік күні: Ата-аналар ұлдарының қалай қызмет атқарып жатқанын көре алады
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскер бөлімдерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.01.2026
-
Тек түзету емес, жаңа мағына: Қарин Конституция туралы
Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституция мәтіні мен оның құрылымы айтарлықтай өзгергенін жеткізді. Дегенмен кеңесшінің айтуынша, жаңашылдық түзетулерде емес, жаңа мазмұнда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Нағыз тартыс кәсіби партиялар арасында болу керек – Мақсат Толықбай
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 50-бапқа тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Түркістанда заңсыз темекі цехтарының жолы кесілді
Түркістан облысында заңсыз темекі өнімдерін өндірушілердің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Футбол клубтарын коммерцияландыруға салынған инвестиция 55 млрд теңгеден асты
Қазақстандағы футбол клубтарын коммерцияландыруға салынған инвестициялар 55 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Адвокатура мәртебесіне қатысты нормалар нақтылауды қажет етеді – Заңгерлер одағының төрағасы
Кеше Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды. Онда адвокатураның мәртебесі Конституцияда жеке бапта бекітілетіні айтылды. Бүгінгі отырыста Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы мен Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы осы нормаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Ұлттық қор табысын арттыру үшін инвестициялау тәсілін өзгертпек
Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен кездесуде Ұлттық қор қаражатын перспективалы жобаларға инвестициялау тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Депутат Ата заңға тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол бермейтін норма енгізуді ұсынды
Конституциялық комиссияда Мәжіліс депутаты, Республика партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Ата заңда тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні жөніндегі тікелей норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Неке ұғымын Конституцияда бекіту ұсынысын қолдаймын – Зәкиева
Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалық шақты қорғау, отбасы институты мен тәрбие мәселелері бойынша пікір білдіріп, конституциялық нормалардың балалардың нақты өмірі үшін практикалық маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
-
Алматы маңында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.01.2026
Наверх