Зооволонтерлердің бастамаларына 500 мың теңге бөлінеді

11 Сәуір 2021, 03:37
1415
Бөлісу:
Зооволонтерлердің бастамаларына 500 мың теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады.  Әр жобаның құны – 500 мың теңге. Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының таныстырылымы барысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды.

2 жоба одан әрі бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы