Өзіңді және отбасыңды коронавирустан сақта – Әділет министрлігі

30 Наурыз 2020, 19:08
2100
Бөлісу:
Өзіңді және отбасыңды коронавирустан сақта – Әділет министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көпқабатты үйдің тұрғындары аулаға тек қажеттілік туындаған жағдайда ғана шыға алады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры Олжас Жаңабеков онлайн брифинг барысында айтты.  

Әрбір қала тұрғыны азық-түлікті үйлеріне жақын жерлерден алғандары дұрыс. Әрине, базарларға, сауда орталықтарына баруға болады. Тек қана барлық сақтық шараларын орындап, маска мен қолғап киіп барғандары дұрыс. Бұл өзіңізді індет жұқтырудан сақтайды. Негізі мүмкіндігінше үй маңынан алған дұрыс, - деді департаменті директоры.

Сонымен қатар, карантин кезінде тұрғындарға аулаға шығып, әзірге спортпен шұғылданудан бас тартуға да шақырды. 
Ең дұрысы, карантин кезінде спортпен тек үй жағдайында айналысқан дұрыс. Далаға шығып жүгіруге болмайды. Өзіңізді және отбасыңызды коронавирустан сақтаймын десеңіз, үйде айналысқандарыныз дұрыс, - деп атап өтті Олжас Жаңабеков.
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтарды елімізде енгізіліп жатқан жаңа міндеттерді жауапкершілікпен орындауға шақырып, қала тұрғындары орындауға тиісті жаңа міндеттерді атады, сондай-ақ сол міндеттерді орындамаған жағдайда салынатын айыппұлдар жайына тоқталып өтті.


Өзгелердің жаңалығы